Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тәжікстанда ІІМ-нің лаңкестікке қарсы арнайы операциясы барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 5 мүшесі жойылды

НҰР-СҰЛТАН, 01 маусым. НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр. Тәжікстанның Ішкі істер министрлігі Таулы Бадахшан автономиялық облысының (ГБАО) Рушан ауданындағы таулы аймақтарда жүргізген терроризмге қарсы  операция барысында қауіпсіздік күштеріне қарулы қарсылық көрсеткен ұйымдасқан қылмыстық және лаңкестік топ мүшелерін залалсыздандырды, деп Тәжікстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз орталығына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Тәжікстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз орталығы 2022 жылғы 31 мамырда сағат 09:30-да Рушан ауданы Дерзуд ауылының биік таулы аймағында жүргізілген терроризмге қарсы операцияның нәтижесінде  18 мамырдан бастап ресми іздеуде жүрген ұйымдасқан қылмыстық-террористік топ мүшелері – Дерзуд ауылының тұрғыны  1974 жылы туған Гуломхайдаров Ёодгор Мамадбекович, Вамар ауылының тұрғыны  1976 жылы туған Почоев Алишер Сафармамадович, Дерзуд ауылының тұрғыны 1987 жылы туған Мавлододов Хабиб Феткаевич, Вамар ауылының тұрғыны 1992 жылы туған Шехбуров Джангибек Душанбиевич, Вамар ауылының тұрғыны 1969 жылы туған Палаев Дохунда Худобандаевич  қарулы қарсылық кезінде  залалсыздандырылды.

Жедел іздестіру шаралары барысында лаңкестік топ жетекшілерінің бірі Вамар ауылының тұрғыны 1974 жылы туған Палаев Кулмахмад Кәрімұлы ұсталды.

Теңіз деңгейінен 2800 метр биіктікте және Тәжікстан мен Ауғанстан арасындағы мемлекеттік шекарадан 1 км қашықтықта орналасқан оқиға орнын қарау кезінде 200 оқ-дәрісі бар 1 дана мергендік мылтық, 150 оқ-дәрісі бар 1 дана Калашников автоматы,3 снаряды бар 1 дана танкке қарсы гранатомет, 5 оқжатары, 135 оқ-дәрісі бар  4 Калашников автоматы, 5 қол гранатасы және 50 оқ-дәрісі бар 2 Макаров тапаншасы табылып тәркіленді.

Қылмыскерлерге құқық қорғау органдарына өз еркімен берілу туралы бірнеше рет өтініш берілген. Алайда олар әр жолы ұсыныстарды елемей, құзырлы орындардан жасырынып, қылмыстық әрекеттерінен бас тартпаған.

Еске салайық, 18 мамырда Таулы Бадахшан автономиялық облысының Рушан ауданының орталығында лаңкестердің қарулы топтары қару, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды қолданып, Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік  комитеттің «Альфа» лаңкестікке қарсы бөлімшесінің колоннасына шабуыл жасаған болатын, салдарынан бір офицер қаза тауып, 13 сарбаз ауыр жарақат алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *