Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ШҚО-да операция аясында заңсыз айналымнан 700 граммға жуық есірткі мен психотроптық заттар тәркіленді

ӨСКЕМЕН, 02 маусым. ШҚО-да “Арна – Екінші кедергі” операциясы аясында заңсыз айналымнан 628 грамм есірткі құралдары мен психотроптық заттар тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі құзыретті органдар басшыларының үйлестіру кеңесінің 2022 жылға арналған негізгі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарына сәйкес ҰҚШҰ хатшылығымен өзара іс-қимыл жасай отырып,  23-27 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында есірткіге қарсы халықаралық субөңірлік “Арна- Екінші кедергі” операциясы өткізілді.

Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу кезеңінде есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты 9 қылмыс тіркелді.

Заңсыз айналымнан 628 грамм есірткі құралдары мен психотроптық заттар тәркіленді. Олар 436 грамнан астам марихуана және 191 грамнан астам синтетикалық есірткі.

Өткізілетін іс-шаралар ұйымдасқан нысандарды анықтауға, есірткі трафигінің ішкі арналарын жоюға, синтетикалық есірткілердің, оның ішінде интернет ресурстар арқылы таралуының жолын кесуге, есірткі зертханаларын құру фактілерінің жолын кесуге, облыс аумағында есірткі құралдарының заңсыз айналымымен айналысатын адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *