Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қызылордада полиция қызметкерлері қару-жарақ жасырылған орынды анықтады

ҚЫЗЫЛОРДА, 02 маусым. Бірлескен жедел іс-шараларды жүргізу барысында Ішкі істер министрлігі мен Қызылорда облысының полиция департаментінің қызметкерлері қала шетінде, далалық аймақта әртүрлі оқ-дәрілердің қоймасын анықтады, деп Polisia.kz  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Жасырын жерден шолақ мылтық, тапанша, оқ-дәрілер, асүй пышағы, дулыға, резеңке дубинка, темір кісен және арнаулы жұмыс киім алынды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тексеріс жүргізулуде. Табылған заттардың шынайы сәйкестігі одан әрі тергеу арқылы анықталады.

Еске салайық, 1 маусымда Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов  қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қару қоймалары мен құқық қорғау органдарының ғимараттарынан 3 мыңға жуық қару мен 63 мыңнан астам оқ-дәрі ұрланғанын хабарлаған болатын.

Ұрланғандардың ішінде: 35 гранатаатқыш, сегіз пулемет, 268 автомат, 17 винтовка, 594 тапанша, 98 арнайы мылтық және 239 травматикалық тапанша.

Жалпы, қазірдің өзінде 1554 қару мен 39 мыңнан астам оқ-дәрі табылып, тәркіленді. Оның ішінде: 10 гранатаатқыш, алты пулемет, 158 автомат, 348 тапанша, 113 арнайы мылтық, 216 травматикалық тапанша.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *