ӨСКЕМЕН, 04 маусым. ШҚО полицейлері марихуана өндіретін есірткі зертханасын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz
“Қарасора – 2022” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында Шығыс Қазақстан облысының полицейлері Өскемен қаласындағы пәтерлердің бірінде орналасқан марихуана өндіру есірткі зертханасын жойды.
Құқық қорғаушыларға есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар 26 жастағы ер адамға қатысты жедел ақпарат түсісімен, дереу іске кіріскен олар пәтердің ішінде ұйымдастырылған “есірткі плантациясын” және кептіріліп дайын тұрған марихуанасы бар бірнеше пакет, сондай-ақ оны қолдануға арналған басқа да құрылғылар табылды. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол қажетті жабдықтарды ғаламтор арқылы ТМД елдерінің сатушыларынан сатып алған.
ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов атап өткендей, күдікті барлық есірткі өсіру үшін барлық қажетті жағдайларды жасай отырып, мұқият баптаған.
Арнайы палаткада белгілі жылу режимі мен ылғалдылықты сақтай отырып, оған желдеткіштер, шамдар мен ауа сорғыштарын орнатқан. Өсімдіктерді ыдыстарға салып өсірген, дайын болған соң оларды қолдануға дайындаған. Алынған өсімдіктер бойынша сот-химиялық сараптама жүргізілді, оның нәтижелері олардың каннабис тобына жататынын көрсетті.
Қазір күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясында 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.