НҰР-СҰЛТАН, 05 маусым. Дейр-эз-Зор провинциясының шығысындағы Абу-Хамам ауылының тұрғындарымен қақтығыста американшыл «Касад» тобының екі содыры өлтіріліп, үшеуі жараланды, деп SANA агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Жергілікті дереккөздердің агенттікке хабарлауынша, 50-ден астам әскери көліктегі содырлар ауылға кіріп, автоматтардан ретсіз оқ жаудырған.
Олар өз мүлкін қорғауға шыққан тұрғындардың баспанасын күйреткен. Нәтижесінде екі касадтық қаза тауып, үшеуі жараланды. Содырлардың екі көлігі өртенді.