КӨКШЕТАУ, 05 маусым. Ақмола облысы бойынша Дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ консультативтік-оңалту бөлімі Көкшетау қаласындағы орта білім беру ұйымдарының психологтары үшін оқыту семинарын өткізді, деп ҚР ТҚО баспасөз орталығына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Шарада «Жасөспірімдер мен жастар арасындағы экстремизм» тақырыбы талқыланды, оған 40-қа жуық маман қатысты.
«Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ басшысының орынбасары Н.Тілеубаев, теолог Р.Садуев («Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» Қоғамдық қорының жетекшісі) және психолог С.Мұқанова («Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығы» КММ) қатысушылармен жасөспірімдерді экстремистік идеологияға тарту әдістері туралы ақпаратпен бөлісті.
Жиналғандармен бірге өскелең ұрпақпен профилактикалық және психологиялық жұмыстың өзекті мәселелері талқыланды.
Экстремистік идеологтардың интернет пен әлеуметтік желілерде жастарды экстремистік қоғамдастықтарға тарту әдістері туралы айтылады.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
Шара шақырылғандардың дін саласындағы білім деңгейін арттыруға мүмкіндік беріп, жастар арасында радикализмге қарсы иммунитеттің қалыптасуына ықпал етті.