НҰР-СҰЛТАН, 05 маусым. Еуропалық адам құқығы бойынша сoт (ECHR) жақтаған Өзбекстан азаматы Мәскеуде терроризмді қаржыландырғаны үшін 8 жылға сотталды, деп ФҚҚ қоғамдық байланыс орталығы мәлімдеді.Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Ведомствоның мәліметінше, Жавохир Эшонқұлов 2013 жылдан бері Ауғанстан мен Пәкістанға содырларды тарту және тасымалдаумен айналысқандықтан, оған халықаралық іздеу жарияланған. Бұл ретте Ресей тарапының оны Өзбекстанға экстрадициялау әрекетіне ECHR тосқауыл қойды. 2021 жылы Эшонқұловты ФҚҚ «Ислам мемлекетін*» қаржыландырғаны үшін ұстады.
«Шетелдік Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 205.1-бабынын 1.1 бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге сотталды», — делінген хабарламада.
Эшонқұловқа қатысты 2-Батыс аудандық әскери сотының үкімі заңды күшіне енді.
*Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым