Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Пәкістанның солтүстік-батысында жеті содыр залалсыздандырылды

НҰР-СҰЛТАН, 06 маусым. Пәкістанның қауіпсіздік күштері Банну және Солтүстік Вазиристан (Хайбер-Пахтунхва провинциясының солтүстік-батысы) аудандарында жеті экстремистті өлтірді, деп Geo.tv арнасы хабарлайды.  Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Елдің Қорғаныс министрлігінің қоғаммен байланыс жөніндегі ведомствоаралық қызметінің хабарлауынша, содырлар Пәкістан арнайы жасақтарының осы аудандарда жүргізген лаңкестікке қарсы екі операциясы барысында жойылған. Қауіпсіздік күштері тарапынан зардап шеккендер жоқ. Қақтығыстардан қарулар мен оқ-дәрілер тәркіленді.

Солтүстік және Оңтүстік Вазиристандағы радикалды топтар «Вазиристан Ислам мемлекеті» деп аталатын ұйымды құруға ұмтылуда.

Вазиристан Пәкістанның Ауғанстанмен шекаралас тайпалар аймағында орналасқан. Бұл таулы аймақ Пәкістанда әрекет ететін «Әл-Қаида», «Шығыс Түркістан ислам қозғалысы»*,  «Өзбекстан ислам қозғалысының», сондай-ақ «Талибан» қозғалысымен байланысты «Техрик-и-Талибан Пәкістан» және т.б. экстремистік құрылымдар содырларының белсенділігіне байланысты Пәкістанның ыстық нүктелерінің бірі болып саналады.

 

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *