КӨКШЕТАУ, 07 маусым. “Есірткісіз болашақ” корпоративтік қорының еріктілері полицейлермен бірге көшеде есірткі жарнамасын анықтау және жою мақсатында Көкшетау көшелерін аралауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында ақмолалық полицейлер, еріктілер және “Жизненный путь” ҚҚ қоғамдық қызметкерлері “Есірткіге жол жоқ” есірткіге қарсы акциясына қатысты.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Көкшетау қаласының ювеналдық полиция бөлімімен бірлесіп, еріктілерді тарта отырып, тұрақты негізде осындай іс-шаралар өткізеді, оның барысында облыс орталығының көшелері мен шағын аудандары араланып, есірткі сайттарына сілтемелер анықталып, жойылады.
Автогородок ауданындағы Мир көшесіндегі үйлерді аралау, подъездер, үй маңындағы аумақты мұқият тексеру нәтижесінде, есірткі сайттарын жарнамалайтын 10-ға жуық жазба анықталып, боялды.
– Сілтемелердің белсенді болмауы қуантады, яғни олар бұғатталған, ал олардың аз саны жарнаманың бұл түрінің өзекті болуын тоқтататынын куәландырады, – деп атап өтті облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Рәзия Курсанова.