НҰР-СҰЛТАН, 08 маусым. Дондағы Ростов қаласының Оңтүстік округтік әскери соты Дағыстан тұрғыны Шамиль Нурмагомедовты Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті»* террористік ұйымының қызметіне жәрдемдескені үшін қатаң режимдегі колонияда 8,5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп сот баспасөз қызметі хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
«2018 жылдың қыркүйегінде Дағыстан Республикасының Хасавюртінде сотталушы өзінің танысына, Кейін ол танысытыйым салынған «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымына қатысушыға осы террористік ұйымның және оның құрамына кіретін заңсыз қарулы құрылымның қызметіне қатысуды жалғастыру үшін бұл қаражатты үшінші тұлғаның шотына аудару үшін 8 мың рубль бергені анықталды.— делінген хабарламада.
Нурмагомедов кінәлі деп танылып, жазасын сегіз жыл алты айға қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге сотталды. Ол Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.1 бабының 1.1-бөлігі «Террористік әрекетке жәрдемдесу» бойынша кінәлі деп танылды. РесейҮкім заңды күшіне енген жоқ және оған тараптар Әскери апелляциялық сотқа шағымдана алады.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым