Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Италия портында 4,3 тонна кокаин тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 08 маусым. Италия портында қомақты мөлшерде кокаин  және шамамен 2 миллион еуро қолма-қол ақша да тәркіленді, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Италияның қаржы полициясы (Guardia di Finanza) Триест портында 4,3 тонна кокаин тәркілеген.

Италиялық «ANSA» агенттігінің хабарына қарағанда, елдің солтүстік-шығысындағы маңызды порт қаласы Триестте Мафияға қарсы аймақтық дирекциясы мен қаржы полициясы топтарының бірлескен жұмысы нәтижесінде 4,3 тонна кокаин тәркіленді. Портта шамамен 2 миллион еуро қолма-қол ақша да тәркіленді.

Хабарламада Триест портында тәркіленген кокаин мөлшерінің Еуропадағы ең жоғары көрсеткіш екені айтылған.

Операция аясында Еуропа мен Колумбия арасындағы есірткі саудасымен айналысқан 38 күдіктіге қамауға алу және үйқамақ сияқты алдын алу шараларының қолданылғаны атап өтілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *