НҰР-СҰЛТАН, 09 маусым. Мексикада полиция АҚШ аумағына қарай қазылған есірткіні тасымалдайтын тағы бір туннельді тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жер асты үңгірі өткен айда осындай құпия үңгір жол анықталған шекараға жақын Тихуана қаласындағы бір үйдің астанынан шықты. Ұзындығы 242 метр болатын туннельге рельс төселіп, жарық тартылған. Іске қатысты ұсталғандар туралы мәлімет жоқ.
Айта кетейік, АҚШ-та Тармп билігі кезінде көрші елмен шекараны бақылау қатаңдатылғаннан бері қылмыстық топ есірткіні осындай жолмен тасымалдауды жиілеткен. Оған Аризона мен Калифорния штаттары топырағының жұмсақ болуы да ықпал еткен.