НҰР-СҰЛТАН, 09 маусым.Нигерияның солтүстік-шығысында террористік ұйым Бока Харамға жасалған операцияда 10 террорист залалсыздандырылды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Генерал-майор Кристофер Мозес Борно уәлаятындағы Кондуга аймағында Бока Харамға қарсы операция жасалғанын білдірді.
Бока Харамға жасалған операцияда 10 террорист залалсыздандырылғанын айтқан Кристофер Мозес 3 сауытты көлік, қару-жарақ қолға түсірілгенін айтты.