НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым.АҚШ Өкілдер Мәжілісі елде жартылай автоматты қару сатып алу жасын 18-ден 21-ге көтерген заң жобасын мақұлдады, деп TRT агенттігіне жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Өкілдер Мәжілісі соңғы кезде артып отырған қарулы шабуылдар себепті жартылай автоматты қару сатып алу жасын 18-ден 21 жасқа көтерген заң жобасын мақұлдады.
Жақында АҚШ-тағы Буффало мен Увалдеде болған қарулы шабуылдардан кейін басталған «Қару реформасы» ұсыныстары аясында Конгресс тың қадам басты.
АҚШ Өкілдер Мәжілісі елде жартылай автоматты қару сатып алу жасын 18-ден 21 жасқа көтерген заң жобасын мақұлдады.
Демократтардың толығы, Республикашылдардың бір бөлімі қолдау берген заң жобасы 199 «қарсы» дауысына қарсы 228 «мақұл» дауысымен қабылданды.
АҚШ президенті Джо Байден өткен апта ұлтқа үн қату сөзінде елде жартылай автоматты қарулардың шектелуіне, шектелмеген жағдайда сатып алу жасын 21-ге көтеруге шақыру тастаған болатын.