КӨКШЕТАУ, 10 маусым. 10 маусымда Көкшетауда арнайы, құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен «ОРМАН-АНТИТЕРРОР-2022» лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулары өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың бекітілген күштері мен құралдарын басқару және ведомствоаралық өзара іс-қимыл дағдылары пысықталып жатыр», — деп Ақмола облысының полиция департаментінде хабарлады.
Полицейлер құрал-жабдықтарды, оқу-жаттығу орнын фотоға/видеоға түсірмеуді, осы оқиға туралы қауесет пен жалған ақпарат таратпау сұрайды.
«Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігі бойынша («Қасақана жалған ақпарат тарату») қылмыстық жауапкершілік көзделген», — деп Ақмола облысының полиция департаменті ескертеді.