Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Чехия полициясы құны 60 миллион еуро болатын кокаин тәркіледі

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым. Чехияның Йичин және Рыхнов-над-Кнежноу қалаларындағы супермаркеттердің қызметкерлері жұма күні банан қораптарынан жарты тонна кокаин тапты, деп Чехия полициясы мәлімдеді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

«Йичин және Рыхнов-над-Кнежноу супермаркеттерінің қызметкерлері банан қораптарынан кокаин салынған пакеттерді тапты. Криминалистика мамандары дәл осындай «тауарлар» Чехияның басқа жерлеріне де келгенін анықтады», — делінген хабарламада. — Іс бойынша тергеуді Ұлттық есірткіге қарсы күрес орталығы жүргізеді».

Қара нарықтағы кокаиннің құны 1,5 миллиард кроннан (шамамен 60 миллион еуро) асады. Алдын ала мәлімет бойынша, есірткі Колумбиядан жіберілген.

Чехия полициясы басқа елдердің құқық қорғау органдарымен және Интерполмен өзара әрекеттеседі. Ұқсас «сәлемдемелерді» есірткі сатушылар Еуропаның басқа елдеріне жіберуі мүмкін деген болжам бар.

Жұма  күні полиция кокаинді тәркілеу операциясы барысында осы заттың 840 келі ұсталғанын хабарлады. Оның «қара» нарықтағы құны екі миллиард кроннан (шамамен 80 миллион еуро) асуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *