НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым. «Сирия демократиялық күштері» баспасөз орталығының хабарлауынша, «СДК-нің арнайы бөлімшелері Хасаканың шығыс бөлігінде орналасқан «Әл-Хол» лагерінде операция жүргізді, деп Firat күрд ақпарат агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Операция барысында олар ДАИШ-ке белсенді түрде ақша аударып жүрген және Хасака ауылы мен Сирияның солтүстігі мен шығысындағы әртүрлі аймақтардағы кейбір белсенді ұяшықтарды қаржыландырған 3 адамнан тұратын ұяшықты ұстады.
Агенттік атап өткендей, ұсталған үш адам 2017 жылы топ жеңілгеннен кейін Сирияның солтүстік-шығысында белсенді бола бастаған ДАИШ-тің астыртын желісінің диверсиялық әрекеттерін үйлестірген.
«Әл-Хол» лагерінде барлығы 72 мыңнан астам адам бар, олардың арасында «Ислам мемлекеті» содырлары, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері бар.
* — Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым