Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Француз әскери күштері Малиде «Үлкен Сахарадағы ИМ» басшысының бірін ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым. Француз әскерилері Малиде «Үлкен Сахарадағы Ислам мемлекеті»* тобының жетекшілерінің бірін тұтқынға алды, деп Франс Пресс агенттігі хабарлайды. Бұл туралы  РИА Новостиге сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

«2022 жылдың 11 маусымынан 12 маусымға қараған түні «Бархан» күштерінің операциясы «Үлкен Сахарадағы Ислам мемлекетінің»* маңызды тұлғасы Умейи Улд Альбакайені тұтқынға алуға ықпал етті,  — деп хабарлайды агенттік Францияның штаб-пәтеріндегі дереккөзге сілтеме жасап.

2014 жылы Франция аймақта лаңкестікке қарсы «Бархан» операциясын бастады. Бұл миссияға сол жылы құрылған G5 аймақтық құрылымы қолдау көрсетеді. Сахара-Сахел аймағындағы (Нигер, Мали , Буркина-Фасо, Мавритания, Чад) операцияның мақсаты лаңкестікпен күресу және жағдайды жергілікті билік қауіпсіздікті өздері қамтамасыз ете алатындай деңгейге дейін тұрақтандыру.

2021 жылдың жазында Франция президенті Эммануэль Макрон Париж өзінің Сахелдегі әскери қатысу үлгісін өзгертетінін мәлімдеді: «Бархан» операциясы қазіргі түрінде аяқталып, оның орнына аймақ елдері және басқа серіктестер кіретін халықаралық альянс құрылады.

* ИМ —  Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *