НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым. Қырғызстанда есірткінің ірі партиясымен Ауғанстан азаматы ұсталды, деп елдің ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Белгілі болғандай, Қырғызстанның оңтүстігіндегі Баткен облысында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткі заттарын жеткізу арнасын ұйымдастырумен айналысқан 42 жастағы Ауғанстан азаматы ұсталды.
Ұсталған азаматтан аса ірі көлемде ауғандық есірткі – шамамен 7 келі героин және 9,5 келі гашиш тәркіленді.
«Ұсталған азамат одан әрі Еуропаға тасымалдау және сату үшін есірткіні Қырғызстан аумағына алып өтпек болған. Сондай-ақ ұсталған азаматтың деструктивті діни ағымның жақтаушысы екені анықталды», — делінген хабарламада.