НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым. Мексиканың әскери-теңіз күштері 1 жарым тоннаға жуық кокаин тәркіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тікұшаққа мінген сарбаздар күдік тудырған 2 қайықтың ізіне түскен. Қылмыстық топ 36 бумаға салынған есірткіні қайықтардан алып, шағын жүк көлігіне тиеген. Бірақ көлікте болған күдіктілер қашып үлгерді. Қазір олар іздестірілуде.
Жалпы бұл елде жыл басынан бері 14 тонна кокаин тәркіленген.