Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Б. Әмірханов ҚР ІІМ брифингінде есірткіге қарсы күрес туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым. Республикада 16 есірткі зертханасы анықталып, жойылды. Бұл туралы ІІМ  Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов мәлімдеді, деп BAQ.KZ сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Ішкі істер органы өкілінің айтуынша, республикада 20-ға жуық есірткі зертханасы анықталып, жойылған.

Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан,  Жамбыл, Қарағанды, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 16 есірткі зертханасы жойылды. Біздің мамандарымыз есірткі таратуға қатысты ақпараты бар сайт, посттар, жарнамалық хабарландыруларды анықтау үшін интернет кеңістікке мониторинг жасап отырады. Жыл басынан бері 700-ден астам осындай интернет-ресурс анықталып, бұғатталды, — деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол ғаламтор арқылы есірткі саудасы тоқтамай тұр деп отыр.

Интернет ресурстары арқылы есірткі өткізу фактілері бойынша 87 қылмыстық іс тіркелді. Есірткі жарнамасы мен насихаттау бойынша 53 қылмыстық іс тергелуде.  Өздеріңіз  білетіндей қазіргі уақытта маусым айынан кең ауқымды «Қарасора-2022» операциясы жүріп жатыр. Алғашқы нәтижелелеріміз де бар.  Жыл сайын оның барысында біз гашиш пен марихуананы дайындау, сақтау және өткізудің мыңнан аса дерегін анықтаймыз, — деді Бақытжан Әмірханов. 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *