Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Дондағы Ростовта «Хайят Тахрир аш-Шам» жақтаушы 4 жылға сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым. Дондағы Ростов қаласының Оңтүстік округтік әскери соты Сирияның «Хайят Тахрир аш-Шам»* террористік ұйымын қаржыландырған Орталық Азия тумасын 4 жылға бас бостандығынан айырды, деп РБК хабарлайды. Бұл туралы  Stopterror.uz сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

«2021 жылы аталған азамат Telegram интернет мессенджерінде «ХТШ» ХТҰ жетекшілерінің бірімен байланыс орнатып, қызметін қамтамасыз ету мақсатында электрондық әмиян арқылы бірнеше рет ақша аударымдарын жүзеге асырған», — делінген хабарламада.

Ұсталған адам лаңкестік әрекетке жәрдемдескені үшін (РФ Қылмыстық кодексінің 205.1-бабының 1.1-бөлігі) жауапкершілікке тартылды. Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініп, лаңкестікке қатысы бар өзге тұлғаларды әшкерелеуге көмектескен.

* Хайят Тахрир аш-Шам (Тахрир аш-Шам,ХТШ) — Сириядағы азаматтық соғысқа қатысатын радикалдық салафиттік топ. Ол 2017 жылдың 28 қаңтарында «Джабхат Фатех аш-Шам» (бұрынғы «Ән-Нусра майданы», Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйым), «Ансар ад-Дин майданы», «Джейш әл-Сүнна», «Лива әл-Хакк» және «Нур ад-Дин әл-Зенкидің»  бірігуі нәтижесінде құрылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *