Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БАҚ: Буркина-Фасодағы арнайы операция барысында 22 террористтің көзі жойылды

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым. Дүйсенбі күні Буркина-Фасоның оңтүстік-батысындағы Бугуриба провинциясында қорғаныс және қауіпсіздік күштерінің операциялары кезінде кемінде 22 террорист өлтірілді, делінген армияның баспасөз хабарламасында. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлады.

Құжатта шабуылдау әрекеттер лаңкестердің үш базасының жойылуына әкеліп соққаны, атыс кезінде барлығы кемінде 22 лаңкес залалсыздандырылғаны айтылған.

Әскерилер сонымен қатар қару-жарақ, оқ-дәрілер, есірткі және фармацевтикалық препараттардың едәуір бөлігі тәркіленгенін немесе жойылғанын айтты.

2015 жылдан бері көрші Малидегі «Әл-Каида»* және ДАИШ (ИМ)*-мен байланысы бар лаңкестік топтар Буркина-Фасоның солтүстігі мен шығысында жиі шабуылдар жасап келеді  .

Ресми мәліметтерге сәйкес 2015 және 2021 жылдың желтоқсаны аралығында шабуылдардан 2000 адам қаза тапты, оның ішінде 600 қауіпсіздік қызметкері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *