НҰР-СҰЛТАН, 01 шілде. Жаңа Зеландия үкіметі әсіре оңшыл Proud Boys және The Base топтарын террористік ұйымдар ретінде белгіледі, деп Television New Zealand телеарнасы хабарлады. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Құжатқа сәйкес, американдық әсіре оңшыл Proud Boys және The Base топтар Жаңа Зеландия билігі лаңкестік деп санайтын 22 ұйымның тізіміне енгізілген, өйткені «олардың мүшелерінің әрекеттері мен мәлімдемелері <…> адамдарға, оның ішінде саяси қайраткерлерге өлім немесе ауыр дене жарақатын әкелу ниетін көрсетеді», — деп келтіреді телеарна полиция мәлімдемесін.
Бұған дейін Жаңа Зеландия үкіметінің ресми басылымы болып табылатын New Zealand Gazette елдің полиция комиссары Эндрю Костердің хабарламасын жариялады, онда «терроризмге қарсы заңға сәйкес Proud Boys и The Base қозғалыстары террористік ұйымдар қатарына жатқызылды». Мәлімдемеде атап өтілгендей, «олармен қатынаста болатын немесе оларға қаржылық қызмет көрсететін кез келген тұлға жауапкершілікке тартылуы мүмкін».
Үкіметтің қауіпсіздік бюросының басшысы Эндрю Литтл екі әсіре оңшыл қозғалыстың лаңкестік ұйым ретінде белгіленуі олардың елдегі белсенділігіне байланысты емес, «Жаңа Зеландия үнемі бетпе-бет келетін террористік қауіптердің бірі – бұл ақ нәсілдің үстемдік теориясының жақтаушыларынан туындайтын экстремистік зорлық-зомбылық қаупі».