Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Швеция Түркиямен жасалған келісімді орындайды: 73 террорист экстрадицияланады 

НҰР-СҰЛТАН, 01 шілде. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бейсенбі күні Швеция лаңкестік әрекетке қатысы бар 73 адамды Анкараға экстрадициялауға уәде бергенін айтты, деп  ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

«Біз Швециямен 60 лаңкесті экстрадициялау туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Енді олардың саны 73-ке дейін жетті. Біз олардың уәделерін орындаған-орындамағанын бақылайтын боламыз», — деді Ердоған Мадридте өткен НАТО саммитінің қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында.

Өткен сейсенбіде Мадридте НАТО Бас хатшысының қатысуымен Түркия, Швеция және Финляндия Сыртқы істер министрлері солтүстік елдердің альянсына кіруіне кедергілерді жою туралы меморандумға қол  қойды. Онда Анкарамен терроризмге қарсы, атап айтқанда Күрдістан жұмысшы партиясы (КЖП) және оның бөлімшелерімен күресте ынтымақтастық орнату қарастырылған.

Бастапқыда Түрік билігі Швеция мен Финляндиядан терроризмге қарсы тұруға қатысты жазбаша міндеттемелерді талап етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *