Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қаңтар оқиғасы: терроризм актілері бойынша 8 қылмыстық іс тергелуде

НҰР-СҰЛТАН, 01 шілде. Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 58 және терроризм актілерімен 8 қылмыстық іс бар. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп ҚазАқпарат сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

«Бас прокуратура қаңтар оқиғаларына байланысты қылмыстық істерді тергеу барысы туралы хабарлауды жалғастыруда. Қиратулар, мемлекеттік объектілерді өртеу, мүліктерді жою және терроризм актілері Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында жасалғаны белгілі. Сол қайғылы күндері қылмыскерлер әскерилерге шабуыл жасап, жолдың жүру бөлігін жауып, автокөліктерді өртеп, азаматтарды тәртіпсіздіктерге қатысуға көндірген және тонаулар жасаған», — деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді бұғаттау үшін олар полиция органдарының ғимараттарына шабуылдар жасады.

«Бүгінгі күні арнайы прокурорлардың іс жүргізуінде жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 58 және терроризм актілерімен 8 қылмыстық іс бар. Аяқталуына қарай істер сотқа жолдануда», — деді Бас прокуратура өкілі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *