Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Әуежайды және сауда орталығын «миналаған» елорда тұрғынына үкім шығарылды

НҰР-СҰЛТАН, 01 шілде.Нұр-Сұлтанда көршісінің атынан екі қаладағы бірқатар нысанға бомба туралы хат жіберген ер адам сотталды, деп  Есіл ауданы №2 сотының баспасөз қызметіхабарлады.Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Анықталғандай, елорда тұрғыны үнемі тыныштықты бұзған көршісімен ұрсысып қалған. 2022 жылғы қаңтар айында ол көршісінен кек алмақ болады. Сөйтіп жаңа телефон сатып алып, нөмірді көршісінің атына тіркеп, электронды пошта құрған. Наурыз айының соңында Нұр-Сұлтан мен Алматы әуежайларына, сауда орталықтары мен басқа да нысандарға бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат жіберген.
Содан кейін ер адам ұялы телефонды көршісі тұратын пәтердің жанындағы баспалдақ алаңына қалдырып кеткен. Оны көршінің кәмелетке толмаған қызы тауып, әкесіне берген.
Қала тұрғынының заңсыз әрекеті салдарынан адамдардың тыныштығы бұзылып, әуежайларда рейстер кешікті.
«Қылмыстық істің материалдары сотталушының кінәсін дәлелдеді. Ер адам кінәсін мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкінді. Сот үкімімен ол 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *