Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Өзбекстанда 14 діни экстремист ұзақ мерзімге сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 01 шілде. Өзбекстанның оңтүстігіндегі Сурхандария облысының Термез қаласында 14 жергілікті тұрғын діни экстремизм үшін он жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп «Интерфакс» хабарлайды. Бұл туралы Islam-today сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

«Термез қалалық қылмыстық істер жөніндегі соты ұсталған 14 адамның ісін қарап, оларды Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша кінәлі деп тауып, төрт жыл сегіз айдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», — деп республика Жоғарғы соттың баспасөз қызметі  хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушылар әлеуметтік желілерде жиһадқа шақырған аудио-бейнематериалдар таратқан.

Соңғы кездері Өзбекстанның түрлі аймақтарында діни экстремистердің бірнеше тобы анықталғаны атап өтілді.

Ағымдағы жылдың басынан бері экстремистік және лаңкестік әрекетке қатысы бар деген күдікпен 250 адам ұсталып, халықаралық террористік ұйымдардың содырларымен байланысы бар төрт астыртын топ әшкереленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *