НҰР-СҰЛТАН, 03 шілде. Ташкентте дыбыс бәсеңдеткіші бар пневматикалық тапаншаны мешітке алып кірмек болған ер адам ұсталды, деп Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Қару Яккасарай ауданындағы «Усмон бин Мазун» мешітіне жұма намазына келген келушілердің заттарын тексеру кезінде табылған. 26 жастағы ер адамның сөмкесінен пневматикалық тапанша мен дыбыс бәсеңдеткіш табылған.
Артынша ұсталған азаматтың Instagram-дағы аккаунтында тыйым салынған бейнероликтерді жариялағанын анықталды.
Осы фактілер бойынша құжаттар ресімделіп, сот, техникалық және әдеби сараптамаларға жіберу шаралары жүргізіледі.