НҰР-СҰЛТАН, 04 шілде. Париж соты лаңкестікке жәрдемдескені үшін үш күдіктіні айыптады, деп Agence France-Presse хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Агенттіктің соттағы дереккөзінің айтуынша, «бұл адамдар Сирия-Ирак аймағында жүрген француз текті жиһадшыға қаржылық және техникалық көмек көрсетті деген күдікке ілінген».
Күдікті лаңкестерді ұстау операциясын сейсенбі күні Францияның солтүстік-шығысындағы Реймс қаласында Ішкі қауіпсіздік бас басқармасы мен RAID арнайы жасақтарының қызметкерлері жүргізді.
Бейсенбі күні елдің терроризмге қарсы прокуратурасының басшысы Жан-Франсуа Рикар France Info радиосына Францияда лаңкестік қаупі әлі сақталатынын ескертті. Ол 2017 жылдан бері Францияның арнайы қызметтері ел аумағында дайындалып жатқан 39 лаңкестік әрекеттің алдын алғанын атап өтті.