Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нұр-Сұлтан полицейлері терроризмге қарсы дайындық бойынша дөңгелек үстел өткізді

НҰР-СҰЛТАН, 05 шілде. Нұр-Сұлтан қаласы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері террористік тұрғыдан осал объектілерге жататын 30-дан астам денсаулық сақтау объектілерінің басшыларымен терроризмге қарсы дайындық бойынша дөңгелек үстел өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы” ҚР Заңының нормалары егжей-тегжейлі түсіндірілді:

1) тиісті өткізу режимін қамтамасыз ету, объектілерді оларға қойылатын талаптарға сәйкес қазіргі заманғы инженерлік-техникалық күзет жабдықтарымен жарақтандыру;

2) үлгілік паспорт негізінде – объектінің терроризмге қарсы қорғалу паспортын әзірлеу;

3) объектілердің қызметшілерімен олардың қорғалуын қамтамасыз ету бойынша профилактикалық және оқу іс-шараларын ұйымдастыру;

4) терроризм актілеріне ден қою, сондай-ақ жасалған терроризм актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлескен іс-қимылдарды жоспарлауға және ұйымдастыруға қатысу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *