НҰР-СҰЛТАН, 06 шілде. Архангельск облысында Северодвинск қаласының 37 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды, әйел терроризмді жария түрде ақтады деген күдікке ілінді, деп ФҚҚ аймақтық басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. Бұл туралы REGNUM агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Тергеушілердің мәліметінше, күдікті 2021 жылдың ақпанынан шілдесіне дейін өзінің «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасынан терроризмді ақтайтын мәлімдемелер жариялаған.
«Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде» , — деді ведомствода.
Бұрын хабарланғандай, Архангельск қаласының 49 жастағы тұрғыны терроризмді жария түрде ақтағаны үшін айыпты деп танылды. Сот оған 350 мың рубль айыппұл салды.