ТАРАЗ, 06 шілде. Таразда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған оқ-дәрілер табылды, деп хабарлайды Polisia.kz .
4 шілдеде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлерімен Тараз қаласы Байзақ батыр көшесінің соңында, жаңа салынып жатқан үйлердің арасындағы бос жерде, электр желілерінің астында , полиэтилен пакеті табылды.
Ішінде 4 дана көзді жасаурататын граната, 5,45 мм калибрлі Калашников автоматынан 60 патроны, 9 мм калибрлі Макаров тапаншасынан 8 патроны, травматикалық қарудын 16 патроны болған.
Айта кетейік, бұл қарулардың барлығы дерлік қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде облыстық Полиция департаментінен ұрланған.