Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қарашай-Шеркес республикасында ДАИШ-тің ұяшығы жойылды

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде. Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі Қарашай-Шеркес Республикасының аумағында жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ресей Федерациясының аумағында  тыйым салынған «Ислам мемлекеті»* ХТҰ-ның  жасырын ұяшығының  мүшесі 11 Ресей азаматын ұстады, олар облыс тұрғындарын лаңкестік әрекеттерге тартуға, сондай-ақ оны интернетте насихаттауға қатысқан.

Лаңкестердің тұрғылықты жерінен 10 дана азаматтық атыс қаруы, ПМ тапаншасы, шолақ мылтық, 3 граната, көп мөлшердегі оқ-дәрілер мен олардың заңсыз әрекеттерін әшкерелеген материалдары бар  байланыс құралдары табылып, тәркіленді.

Тергеу органдары ұсталғандарға қатысты Ресей Қылмыстық кодексінің 205.4-бабының 1 және 2-бөлігі (террористік қоғамдастық ұйымдастыру және оның қызметіне қатысу), 205.2-бабының 2-бөлігі (терроризмді насихаттау) бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеп жатыр.

 

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *