Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ШҚО-да арнайы операция барысында Өзбекстан азаматынан 500 грамнан астам «синтетика» тәркіленді

ӨСКЕМЕН, 13 шілде. ШҚО-да есірткі жеткізумен айналысқан шетелдік жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері ҚР ІІМ ЕҚҚКД үйлестіруімен аймаққа синтетикалық және психотроптық есірткілерді жеткізу арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция өткізді. Жедел тексеру шараларының нәтижесінде, есірткіні өткізу процесіне жастарды іздеу және тарту үшін елдің шығысына келген 26 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды.

Тінту барысында одан салмағы 500 грамнан асатын “альфа-PVP” психотропты зат тәркіленді.

– Ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және соттың санкциясымен ол қамауға алынды. Қабылданған шаралармен 1 600-ден астам бір реттік доза синтетикалық есірткінің заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді, – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Осы баптың санкциясымен 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *