Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Джебхат ан-Нусра» содырлары Идлибте улы заттармен арандатуды дайындауда

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде. «Джабхат ан-Нусра»* лаңкестік тобының  содырлары Идлиб провинциясына улы заттар салынған контейнерлерді әкелді, олар арандатушылық ұйымдастырып, сириялық әскерлерді улы заттарды пайдаланды деп айыптамақ, деп Сириядағы соғысушы тараптарды татуластыру орталығы басшысының орынбасары бірінші дәрежелі капитан Евгений Герасимов мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлады.

 «Ресейлік соғысушы тараптарды татуластыру орталығына жергілікті тұрғындардан түскен ақпаратқа сәйкес, «Джабхат ан-Нусра» лаңкестік тобының содырлары Идлиб провинциясының Ахсим және Балшун елді мекендерінің ауданына улы заттар салынған ыдыстарды әкелген. Лаңкестер Сирия үкіметінің күштерін бейбіт тұрғындарға қарсы улы заттарды қолданды деп айыптау үшін арандатушылық ұйымдастырмақ ниетте», — деді Герасимов брифингте.

Ол өткен тәулікте Идлиб деэскалация аймағында «ан-Нусра» лаңкестерінің позицияларынан алты шабуыл тіркелгенін айтты. Идлиб провинциясында – үш, Алеппо провинциясында – екі, Латакия провинциясында – бір атқылау болды.

*  Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *