НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде.Ұлыбританияның Қарсы барлау қызметіне (MI-5) әсіре оңшыл лаңкестіктің өсіп келе жатқан қаупімен күресу үшін қосымша қаржы қажет, деп корольдіктің барлау және қауіпсіздік жөніндегі парламенттік комитетінің баяндамасында айтылған. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
«MI-5 бұл жаңа жауапкершілікті өз мойнына жай ғана алады деп күтуге болмайды, сондықтан оның жұмысының басқа салаларына зиян келтірмеу үшін қосымша қаржыландыру қажет», — деп Financial Times комитет төрағасы Джулиан Льюистің сөзін келтіреді.
Парламентарийлер MI-5-тің Ұлыбританияда өсіп келе жатқан әсіре оңшыл қауіпке қарсы әрекеті «онымен күресу үшін тиісті қаржысыз» тиімділігі төмен болады деп қауіптенеді», делінген баяндамада.
Ұлыбританияда әсіре оңшыл экстремистердің әрекеттері әрбір бесінші лаңкестік шабуылға жатады, соның ішінде 2016 жылы парламент мүшесі лейборист Джо Коксты өлтіру және «2017 жылы «Манчестер Аренада» болған жарылысқа кек алу үшін Лондон мешітінде жарылыс жасау әрекетін тергеу».