Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Европол: Еуропада РКК қызметін қаржыландыру үшін қаражат жинау жалғасуда

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде.Еуропа Одағының Eуропол полиция ұйымының 2022 жылға арналған «Еуроодақтағы лаңкестік мәселесінің жағдайы мен тенденциялары» атты жыл сайынғы баяндамасында КЖП (PKK)  лаңкестерінің Еуропада жиналған қаржылай көмектің арқасында өз әрекеттерін жалғастырып жатқаны айтылған, деп Anadolu агенттігіне сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Хабарда КЖП-ның Еуропадағы әрекеттерін бас кеңсесі Бельгияда орналасқан «Еуропа Демократиялық Күрд Қоғамы Конгресі» (KCDK-E) деп аталатын шатырлы ұйымның үйлестіретіні атап көрсетілді.

Eуропол мәліметтері бойынша, жаңа коронавирустық пандемияға қарамастан, КЖП бүкіл Еуропа бойынша үгіт-насихат, наразылық және қаражат жинау қызметін жалғастырды. Қаржыландыру Еуропа елдерінде мүшелік жарналар, басылымдарды сату, арнайы іс-шаралар мен науқандар өткізу арқылы жиналды.

Баяндамада КЖП-ның ақшаны жылыстату, есірткі контрабандасы және бопсалау сияқты қылмыстар жасағанына назар аударылды.

Құжатта Еуропалық Одақ елдерінде, атап айтқанда Германияда КЖП қызметін қаржыландыру үшін қаражат жинаудың белсенді жүргізіліп жатқаны айтылады.

Еуропа елдерінің бірқатар тұрғындары, атап айтқанда солшыл ұйымдардың өкілдері YPG/PKK-ға қосылу үшін Сирияның солтүстігіне барды, деп атап өтті Еуропол.

Баяндамада айтылғандай, PKK және YPG лагерлерінен Еуропаға оралған тұлғалардың радикалды әрекеттер жасауы және осыған байланысты Еуропаның қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *