НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде.Биылғы алты айда Ішкі істер министрлігі 21 есірткі зертханасын жойған. Бұл туралы ведомствоның жартыжылдық жұмысын қорытындылаған министр Марат Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
«Биыл 3,5 мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды. 3 тоннадан астам есірткі тәркіленді. Оның 84 келісі – синтетикалық есірткі. Сонымен қатар, 21 есірткі зертханасы жойылып, үш ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді», — деп атқарылған жұмыстардың нәтижесіне тоқталды ведомство басшысы.