Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ердоған террормен күрестің батыл жалғасатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде. Президент Режеп Тайып Ердоған: «Тель-Рыфат пен Манбидж террористердің ұясына айналды. Террор ұйымдарының баспанасына айналған осы жерлердің тазаланатын уақыты баяғыда келді» деді. Бұл туралы TRT хабарлайды.

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия-Иран-Ресей үштік саммитінің беташарында сөз сөйледі.

«Ұлттық қауіпсіздігімізге құқай көрсеткен опасыз ұйымдарды Сириядан қуып шығаруға бел байладық» деген Ердоған «Аймағымыздың болашағында бөлшектеуші террор ұйымдары мен олардың бөлімшелеріне орын жоқ екенін баршаның түсінуі керек» екенін білдірді.

Алдағы кезеңде де қандықол террор ұйымына қарсы күрестің батылдықпен жалғасатынын білдірген президент Ердоған «Тель-Рыфат пен Манбидж террористердің ұясына айналды.  Террор ұйымдарының баспанасына айналған осы жерлердің тазалануы керек» деді.

Президент Ердоған Сирия халқына жасалатын ең үлкен жақсылық террор ұйымдарының жаулап жатқан территориялардан жойылуы екенін білдіріп, «Ресей Федерациясы мен Иранның осы күресте Түркияға қолдаушы болуын үміт етеміз» деп көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *