АТЫРАУ, 24 шілде. Атырауда есірткі тасымалдаған Нигерия азаматы ұсталды, деп хабарлады ІІМ ресми интернет-ресурсы.
«Атырауда Нигерия Федералдық Республикасының азаматы синтетикалық есірткі заттарын сақтау және тасымалдаумен айналысқан. Shevrolet cruze маркалы автокөлігін тінту кезінде 5 дана полиэтилен қап тәркіленді. Сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген заттың әрқайсысы салмағы шамамен 1 гр болатын таспаға оралған «мефедрон» синтетикалық есірткісі екендігі анықталды», — делінген жұма күнгі хабарламада.
Қазіргі уақытта күдікті Атырау қаласындағы уақытша устау изоляторына қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 296 бабы 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар көзі KazTAG