Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ақтөбе облысында кәсіпкерлерден ақша талап еткен қылмыстық топ құрықталды

АҚТӨБЕ, 25 шілде. Ақтөбе облысында кәсіпкерлерден ақша талап еткен қылмыстық топ құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері ҰҚКД-дағы әріптестерімен бірлесіп, кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысатын қылмыстық топтың қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

Қылмыстық топ құрамында деструктивті белгілері бар алты адам болған. Олар діннің атын жамылып, бірнеше рет түрлі себептермен екі жас жігіттен ақшалай қаражат бопсалаған. Жедел іс-шараларды өткізу барысында аталған адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және тергеу жүргізіліп, ұсталғандардың басқа да ұқсас қылмыстар жасауға қатыстылығы тексерілуде.

Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *