НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде. Ван аймағында Иран шекарасынан Түркияға кірген бірі ирандық, екі террорист залалсыздандырылды. Бұл туралы TRT хабарлайды.
Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу әлеуметтік желідегі парақшасында «Вандағы Өзалп Дамлажык ауылындағы «Ерен аблука-22» операциясында қаһарман жандармериямыздың сәтті операциясымен Иран шекарасынан Түркияға кірген бірі ирандық, екі террорист залалсыздандырылды.
Террористерге тағы да айтамыз: «беріл, әйтпесе бұл жер сен үшін өлім» деген сөз тіркестерін қолданды.