АЛМАТЫ, 27 шілде. Алматыда тағы бір қару жасырылған орын табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл жолы ол Медеу ауданындағы саяжай алқабына орналастырылған. Криминалдық полиция қызметкерлері Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, бетон қоршаудың жанынан 70 метр радиуста қару-жарақ қоймасын тапты.
ҚР ҚК-нің 287-бабымен тергелетін қылмыстық іс материалдарына іс жүргізу тәртібімен 2 Макаров жүйесінің тапаншасы, тегіс ұңғылы мылтық, 512 дана әртүрлі калибрлі патрондар, оның ішінде Калашников автоматына арналған патрондар, 22 дана граната, соның ішінде әскери, сондай-ақ радиостанция тіркелді.
Сонымен қатар, жасырылған орыннан өсімдік тектес және ұнтақ тәрізді есірткі заттары табылды. Қылмыстық іс аясында сот-баллистикалық және сот-химиялық сараптамалар тағайындалды.