Атап айтсақ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы діни бірлестіктер берген хабарламаларды қарайды.
Стационарлық үй-жайлардың орналастырылуын бекіту мен ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізу туралы діни бірлестіктер берген хабарламаларды қарау кезінде келесі жағдайларға:
- өтініш берушінің «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру» діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына және «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның 7-1-бабына сәйкес ұсынған құжаттарына;
- үй-жайлар орналасқан облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық-географиялық ерекшеліктеріне;
- үй-жайлар орналасқан облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың діни ахуалына;
- стационарлық үй-жайлар мен діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналасқан жеріне мұқият назар аударылады.
Бұған дейін діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орны әкімдіктермен келісілетін.
Бұйрық жобасы Ашық НҚА сайтында 10 тамызға дейін талқылау үшін жарияланды.