Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қайрат Құрманбаев: Жастардың діни дүниетанымын кеңейтуіне үлкен мән беруіміз керек

АЛМАТЫ, 01 тамыз. Дінді ғылыми негізде зерттемегендер қоғамда діни қақтығыстарға тап болуы мүмкін. Нұр-Мубарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев діни тұрақсызыдықты алдын алу үшін бірнеше кешенді жұмыстардың түрлерін айтып берді.

-Қайрат аға, діни қақтығыстарды алдын алудың қандай жолдарын айтып бере аласыз?

-Дін ұстанушылар арасында пікір плюрализмі қай кезеңде де болған. Бұл ислам дініне ғана тән құбылыс емес. Діндер тарихынан пікір алуандылық кейде пікірталасқа, ал пікірталас қарама-қайшылықтарға, қақтығыстарға алып келгендігін көре аламыз. Қоғамда қақтығыстарға жол бермей, тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін мемлекет, қоғам тарапынан кешенді жұмыстар жасалуы тиіс.

Мемлекеттік деңгейде: діни тұрақсыздық қоғамның саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуына кері әсерін тигізетіндігін түсінуіміз қажет; дінге радикализм, терроризм, экстремизм, салафизм секілді «измдердің» алдын алу тұрғысында ғана қаралмауы керек; дін және діни білім беру саласы мемлекет тарапынан толыққанды қаржыландырылуы қажет;

Қоғамдық деңгейде: қоғамда исламофобияның өршуіне жол берілмеуіне, отбасы институтына, жастардың интеллектуалды-рационалды тұрғыда жетілуіне, діни-рухани дұрыс бағыт-бағдар беруге ерекше көңіл бөлінуі қажет.

Діни-теологиялық тұрғыда: барлық дін, ағым, көзқарас өкілдеріне ортақ құндылықтарды насихаттау, діннің өміршеңдігі, ақыл мен нақылдың арақатынасы мен рационалды ислам түсіндірілуі маңызды.

-Қазіргі таңда дін ілімдерін, негіздерін, тарихын оқытудың қандай қажеттілігі бар?

-Дін – өркениет пен мәдениеттің өзегі. Адамзат тарихындағы қайсібір өркениетті дұрысты-бұрысты дінсіз, наным-сенімсіз елестете алмаймыз. Сондай-ақ хақ дін бірінші кезекте ғылымға, білімге шақырады. Сондықтан дінді түсіну, оқыту маңызына ие. Дінді ғылыми негізде зерттемегендер экстремистік топтардың құрбанына айналуы мүмкін. Яғни біржақты діни көзқарас қалыптасқандықтан,  радикалдануға бейім болып келеді. Сол үшін дін негіздерін, тарихын жан-жақты зерттеу барысында ғана тұлғаның діни дүниетанымы артып, діннің қоғамдағы орны, адамдар арасындағы  қатынастарды реттеудегі маңыздылығы айқындалады.

Қазақстан қоғамының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін халықтың басым бөлігі дәстүрлі діни танымға ие болуы шарт. Біртұтастық сақталуы үшін діни танымның негіздері ортақ болуы қажет. Сол себепті қазақ халқы мың жылдан бері келе жатқан дәстүрлі дініміздің негіздері мен тарихын танып білуі өте маңызды. Діни тұрғыда бір қоғамда әртүрліліктің (плюрализм) орын алуы ол қоғамның тұтастығына жарықшақ түсіретіні айтпаса да түсінікті.

Жаһандану процессі тоқтаусыз жүріп жатқан бүгінгі таңда ауызбіршілігі сақталған елдердің ғана тәуелсіздігіне төнген қауіп деңгейі төмен. Ал саяси және рухани тұтастығын сақтауға немқұрайлы қараған елдердің шаңырағы шайқалып, әлеуметтік-экономикалық тұрғыда құлдырауға ұшырауда. Сондықтан, Қазақстан қоғамының діни тұрғыда нәрленетін қайнар көздері Қазақ халқының дәстүрлі діни танымын ғылыми тұрғыда зерттеу, оқыту маңызды.

-Қазіргі жастар діннің өзектілігін дұрыс түсініп жүр ме?

-Дін – ұлттың ұлт болып ұйысуы үшін маңызды. Ислам дінінің құндылықтары салт-санамызға сінген. Яғни сүннет салтымызға, хадис ғұрпымызға айналған десек артық айтпаймыз. Қазіргі таңда ата дінімізді ғылыми негізде үйрену, білу маңызды. Соны түсінген жастардың қатары күн сайын артып келеді.

KazIslam.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *