Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Петропавлда есірткіні жасырын орынға салып кетіп жүрген қыз сотталды

ПЕТРОПАВЛ, 04 тамыз.  Петропавлда есірткіні жасырын орынға салып кетіп жүрген қыз сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда есірткіні жасырын орынға салып кетіп жүрген 22 жастағы қызға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, одан аса ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленген болатын. Полицейлер оны ақпан айында ұстаған. Сот үкіміне сәйкес ол 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сот қосымша бойжеткенге жазаны өтеу орны бойынша есірткілік тәуелділіктен мәжбүрлеп емделуді тағайындады.

– Қазіргі уақыттың проблемасы – нашақорлардың, қылмыскерлердің орташа жасының төмендеуі. Жастар “оңай олжаға” қызығады. Олар өздерінің әрекеттері халықтың денсаулығына қаншалықты залал келтіретіні туралы, есірткіні сатқаны үшін заңнамамен қатаң жаза көзделгені туралы ойланбайды. Ағымдағы жылы СҚО-да есірткіні жасырын орынға салып кетіп жүрген 22 адамға сот үкімі шығарылды. Олардың 12-сінің жасы 25-тен аспайды. Олар орташа есеппен 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, – дейді СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Жыл басынан облыста 123 түрлі есірткі бұзушылығы анықталды, оның 46-сы сату фактісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *