НҰР-СҰЛТАН, 04 тамыз. Қытайдың Цзянси уәлаятында балабақшаға пышақпен жасалған шабуылда 3 адам қаза тауып, 6 адам жараланды. Бұл туралы TRT хабарлайды.
Полицияның әлеуметтік желідегі мәлімдемесіне қарағанда Анфу ауданындағы жекеменшік балабақшаға бас киім мен бетперде киген адам шабуыл жасаған.
3 адамды өлтіріп, 6 адамды жаралаған 48 жастағы күдіктінің әлі де қашып жүргені бөлісілді.
Полицияның мәлімдемесінде:
«Қоғамдық қауіпсіздік органдары күдіктіні ұстауға бар күшін салуда» деп көрсетілді.