НҰР-СҰЛТАН, 05 тамыз. Сәрсенбі күні кешке Ауғанстан астанасы Кабул маңында қауіпсіздік күштерінің операциясы кезінде «Ислам мемлекеті» (ИМ)* ұйымының бірнеше содыры өлтіріліп, біреуі тұтқындалды, деп елордалық полиция өкілі Халид Задранға сілтеме жасап Синьхуа ақпарат агенттігі хабарлады. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Шенеунік сонымен қатар Ауғанстан астанасының батысындағы Карта-э-Сахи аймағында минадан тазарту операциясы кезінде қауіпсіздік күштерінің екі қызметкерінің, соның ішінде бір әйел-полицейінің қаза тапқанын және тағы төрт адамның жарақат алғанын растады.
Сәрсенбі күні кешке Х.Задран қауіпсіздік күштерінің белгісіз біреулер оқ жаудырған үйді қоршап алғанын хабарлады.
Талибан басқаратын уақытша үкіметтің баспасөз хатшысы Забихулла Муджахид бейсенбі күні «Твиттерде» операция мен атыс кезінде төрт шабуылшының қөзі жойылғанын хабарлады.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым