НҰР-СҰЛТАН, 05 тамыз. Ингушетия Республикасының Ішкі істер министрлігі аймақта экстремистік ұйым құрды деген күдікпен ер адамның ұсталғанын хабарлады, деп Islam-today сілтеме жасай отырып «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
«Ингушетия Республикасы Ішкі істер министрлігінің Экстремизмге қарсы күрес орталығының қызметкерлері Ресейдің Ингушетия Республикасы бойынша Федералдық қауіпсіздік қызметі басқармасының әріптестерімен бірлесіп жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Малгөбекте Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 282.2-бабының 1-бөлігінде («Экстремистік ұйымның қызметін ұйымдастыру») көзделген қылмысты жасағаны үшін іздеуде жүрген азаматты ұстады», — делінген хабарламада.
Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына орналастырылғаны атап өтілді.
Істің басқа мәліметтері келтірілмеген.